Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мен тірі тұрғанда сені Республика сарайының маңына жолатпаймын": Әлімбекова неге сахнаға шықпай қойғанын түсіндірді (видео)

"Мен тірі тұрғанда сені Республика сарайының маңына жолатпаймын": Әлімбекова неге сахнаға шықпай қойғанын түсіндірді (видео)
"ХабарLike" бағдарламасынан скриншот. Суретте: Гауһар Әлімбекова
Әлімбекова: "Осыдан 10 жыл бұрын бір кісі "Мен тірі тұрғанда сені Республика сарайының маңына жолатпаймын" деген". болатын.

Қазақтың ерке сұлу қызы, әнші, композитор Гауһар Әлімбекова өнер әлемінен неге алыстап кеткенін түсіндірді. "ХабарLike" бағдарламасына сұхбат берген ол бір кісінің өнердегі жолын жауып тастағанын айтады.

"Бұрыннан қайта-қайта шыға бермеймін. Бір көрініп, жоқ боп кетем. Бағдарламаларға да көп қатыса бермеймін. Еті әндеріме жаңа ән қосып, есеп берсем, жеңілдеп қаламын. Бірақ соңғы 10 жыл ішінде Республика сарайында ән кешін өткізбедім. Себебі, маған байланысты дүние емес. Менің әнімнің тыңдаушысы ретінде жақсы білетін болсаңыздар, басымнан түрлі жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын бір кісі "Мен тірі тұрғанда сені Республика сарайының маңына жолатпаймын" деген болатын. Ол кісі сөзінде тұрды. Маған концерт жасатпады. Онымен қоймай, маған проблема тауып берді. Сөйтіп, өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып кеткен уақыт та болды. Жылап жүрсем де, гитарамды тастамадым. Ән шығардым", – деді Әлімбекова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар