Қостанай облысы мен Арқалық қаласында төтенше жағдай жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 наурыз, 2024
- 506
Қостанай облысының екі ауданы мен Арқалық қаласында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы.
Қостанай облысында Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында төтенше жағдай жарияланған. Қостанай облысы ТЖД ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 27 наурыздан бері Қостанай облысында еріген суды сору жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың күштері және құралдарымен бірге Жангелді және Амангелді аудандарында, Арқалық және Жітіқара қалаларында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Күштер мен құралдардың іс-қимылдарын бағыттау үшін облыстың оңтүстік өңіріне ТЖД бастығы полковник Қасым Қ.Ж. аттанған. 27 наурызда 21 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылған, оның ішінде: Арқалықта 6848 текше метр, Амангелді ауданында 4210 текше метр, Жангелді ауданында 10101 текше метр су сорылған, жағалауларға құм толтырылған 140 қап төселген.