Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызының атын жарға жазған Мәдениет үйінің директоры тағы жұмыссыз қалды

Қызының атын жарға жазған  Мәдениет үйінің директоры тағы жұмыссыз қалды
видеодан стоп кадр. Манас Көшербай.
Жақында ғана директор болған Манас Көшербай жаздағы қылығы үшін тағы қуылды.

Жарты жыл бұрын Ыбықты сайда жарға қашап жазу жазған Мәдениет үйінің директоры тағы жұмыссыз қалды. Ол жақында ғана жаңа қызметке тағайындалған. Алайда жаздағы қылығы қайтадан алдынан шықты.

Манас Көшербаев былтырғы еңбек демалысын Маңғыстаудағы тарихи-мәдени жерлерді аралауға арнаған. Сол кезде Ыбықты шатқалында қызының атын жарға ойып жазған. Бұл әрекеті әлеуметтік желіге таралып, халықтың ашу-ызасын тудырды. Кейін облыс орталығындағы саңырауларға арналған Мәдениет үйі директоры қызметінен қуылған. Жарты жыл жұмыссыз жүрген ол жақында Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылындағы Мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалды. Алайда жаңа жұмысына келгеніне жиырма күнге жетпей жатып тағы қызметінен кетуге мәжбүр болды.

"Байғанин ауданы Мәдениет үйі қазыналық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымына биыл 6 наурызда конкурс арқылы Көшербаев Манас Маратұлы тағайындалған. Қазір әлеуметтік желіде таралып жатқан фото-видеоларға байланысты 27 наурыздан бастап Көшербаев Манас Маратұлы өз өтінішімен қызметінен босатылды",-дейді Байғанин ауданының мәдениет, тіл дамыту бөлімінің басшысы Роза Айтжанова. 


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар