"Сен баламды азаптап өлтірдің": Бишімбаевтың соттағы сөзі Салтанаттың анасының шыдамын таусылтты (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 сәуір, 2024
- 2.5k
Бишімбаев сотта сөйлеген сөзінде қылмысты қасақана жасамағанын және марқұм Салтанатты жақсы көргенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
“Сотта менің жақындарым отыр. Салтанатты жақсы көрдім. Оны әдейі өлтіргім келмеді. Жақындары мені “жауыз” деп атай берсін. Мен өзімді қорғауым керек, қорғауға міндеттімін де. Жазамды өтеуге де дайынмын. Салтанаттың көзін ағызып, бас сүйегін жарды деген ақпарат жалған, мен оны дәлелдеймін. Шудың осындай болуы - менің бұрын министр болғанымда”, – деді Бишімбаев.
Осылай деп сотта сөйлеп жатқан Бишімбаев сөзі анасы Салтанат Нүкенованың шамына тиді.
“Мен қызыммен көрісе де алмадым, сен оны өлімші етіп соққыға жықтың. Қалайша бұлай айтасың? Сен туралы бар шындықты жайып салайын ба? Сен өлтірдің о баланы! Сен оны 8 сағат өлтірдің, қалай абайсызда деп айтасың?”, – деп айқайлады Салтанаттың анасы.
Айта кетейік, бұған дейін Салтанаттың ағасы қарындасының бет-аузы көгерген суретін сот залындағыларға көрсеткенін жазған болатынбыз.
Еске салсақ, бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.