Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бұрынғы министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды
dknews.kz. Суретте: Әлібек Қуантыров
Осылайша ол Кенжебек Ибрашевтің орынын басты.

Мұнай және газ кеңесі экс-министрдің жаңа қызметке ие болғанын мәлімдеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Әлібек Қуантыров Kazenergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды. Осылайша ол Кенжебек Ибрашевтің орынын басты. 

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін және Мичиган университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. — ҚР Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2022-2024 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар