Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекеттік елтаңбаны өзгертуді ұсынған.
Ұлттық банк Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасын өзгерген жағдайда банкноттарды ауыстыруға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
"Банкноттар мен монеталардағы мемлекеттік рәміздердің бейнелерін ауыстыру мәселелері түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қаралуы мүмкін", – делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекеттік елтаңбаны өзгертуді ұсынған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Ұлттық банк доллардың қымбаттауының себебін түсіндірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024