Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаев сотта Салтанатты басынан төрт рет ұрып, шашынан сүйрегенін айтты

Бишімбаев сотта Салтанатты басынан төрт рет ұрып, шашынан сүйрегенін айтты
10 минуттық үзілістен соң сот процесі Қуандық Бишімбаевтың сөзімен басталды. Ол

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі араға 10 минут салып, қайта жалғасты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

10 минуттық үзілістен соң сот процесі Қуандық Бишімбаевтың сөзімен басталды. Ол түнде басталға кикілжіңнің таңертеңге дейін созылғанын, Салтанатты VIP залынан әжетханаға не үшін апарғанын, жидесін Салтанат жыртқанын, осыдан кейін өзі де оның жейдесін жыртып, марқұмның ашуына тигенін айтты.

«Салтанат унитазға құлап, бірнеше рет басын ұрды. Сосын үстіндегі киімдерінің бәрін шешіп тастады. Тырдай жалаңаш еді. Күн болса жарық боп келе жатқан. Мен оған болды үйге барайық деп тұрғыздым. Ол үндемей ақырын жүрді, бірақ сөйлемеді. Далаға шығып едік, күн жарық, жұрт қозғалысын көріп, ішке қайта кіретін болды. Мен оған "Көрдің бе түрімізді, қаңғыбастар сияқтымыз. Не такси шақырып, отырып кете алмаймыз. Мына түрімізбен қайда барамыз, осы ма еді қалағаның?" деп айқайладым. Ол маған үндемей тұрды да мен кішкене алыстаған сәтте "Иә, бәрін әдейі жасадым" деді. Ашудан өзімді ұстай алмай қайтып бардым да Салтанаттың оң жағынан екі рет, сол жағынан екі рет тартып ұрдым. Ол сол сәтте құлап түсті. Бел тұсынан тағы да төрт мәрте тептім. Шашынан сүйредім», - деді сот залында сөз алған Бишімбаев.

Еске салсақ,  бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар