Бишімбаев сотта не себепті өзін пышақтамақ болғанын айтты
- автор kyn.kz
- 3 сәуір, 2024
- 823
Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта басты күдікті қайғылы жағдай болған күннің әр сағатында қандай жағдай болғанын айтып берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Экс-министр Салтанат Нүкенова есін білмей мас болып, жартылай ояу күйде 8-9 сағат жүргенін айтты. Тіпті арасында сөйлемей қалған. Ең соңында олар үйлеріне қайтпақ болып далаға шыққан. Бірақ үстілерінде киім жоқ болғандықтан мейрамхананың жабық залына қайта кіріп, демалып алмақ болады.
"Мен оған болды үйге барайық деп тұрғыздым. Ол үндемей ақырын жүрді, бірақ сөйлемеді. Мен оны жатқызып, демалып алсын деп тастап кеттім.Үстін Байжанов әкелген пледпен орап, өзіміз мейрамханаға тамақтануға бардық. Қайтып келіп Салтанаттың бетін ұстасам мұздай болды. Қорқып, ораулы денесін ұстадым. Бүкіл бойы мұздапты. Бірден тамыр соққысын іздей бастадым. Бірақ таппадым. Дереу Байжановқа хабарласып, мен мастықтан сезбей тұрмын, "тамыры соғып тұрма қарашы" деп сұрадым. Ол да таппады. Жедел жәрдемге хабарластық. Олар Салтанатқа аузынан үрлеп, тынысын ретке келтіру керектігін айтты. Мен оның ауызын ашайын десем, жағы қатып қалыпты. Сол жерден мен түсіндім оның жаны шығып кеткенін. Мейрамхана асханасынан пышақ алып, өзімді әжетханада өлтіруге ұмтылдым. Жедел жәрдемнің артынша полиция келді. Олар мені ұстап тұрды. Жалпы жағдай осылай болды",-деді сотта Бишімбаев.