Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаев сотта бүкіл видеоны өшіртудегі мақсатын айтты

Бишімбаев сотта бүкіл видеоны өшіртудегі мақсатын айтты
Сотта сөз алған Бишімбаев бейнебақылау камерасындағы видеоларды неге өшіріп тастағанын мәлімдеді.

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесінде өтіп жатыр. Сотта сөз алған Бишімбаев бейнебақылау камерасындағы видеоларды неге өшіріп тастағанын мәлімдеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

«Сол жерде төбелесіп, жартылай жалаңаш, бір-бірімізді ұрып жүргенімізді күзетшілер көріп, telegram каналдарға сата ма деген ой болды. Сосын өшіруін талап еттім»,  - деді ол сот залында.

Сондай-ақ ол сотта Салтанатты басынан төрт рет ұрып, шашынан сүйрегенін айтқан болатын. Түнде басталған кикілжіңнің таңертеңге дейін созылғанын, Салтанатты VIP залынан әжетханаға не үшін апарғанын, жидесін Салтанат жыртқанын, осыдан кейін өзі де оның жейдесін жыртып, марқұмның ашуына тигенін айтқан.

Кейін Салтанатты унитазға құлап, бірнеше рет басын ұрғанын, содан соң оны тепкілегенін баяндаған.

Еске салсақ,  бұрынғы министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар