Өзбекстан Республикасының азаматы айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alphard минивэні соқтығысқан.
3 сәуір күні Самара-Шымкент тасжолында Маржанбұлақ ауылына жақын маңда жол апаты болды, деп жазады KYN.KZ тілшісі Ақтөбе облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өзбекстан Республикасының азаматы айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі мен Toyota-Alphard минивэні соқтығысқан.
Апат салдарынан минивэн жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы, Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты.
«Алдын-ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің доңғалағы жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, салдарынан көліктер соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды» - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Келесі мақала
Астанада 1400-ге жуық жарнамалық маңдайша бөлшектелді
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024