Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісу облысында қытайлар жезөкшелікпен айналысатын притон ашқан

Жетісу облысында қытайлар жезөкшелікпен айналысатын притон ашқан
Видеодан скриншот
6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер притонын ҚХР азаматтары ұйымдастырған.


Жетісу облысында «Қорғас» ШЫХО аумағында Қазақстан жағындағы 6 заңсыз астыртын ойын бизнесі мен бір жезөкшелікпен айналысатын притонның қызметі жойылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер притонын ҚХР азаматтары ұйымдастырған.

Бұл орындарды ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеген. Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдық, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып, тәркіленді, - деп хабарлады Қаржылық мониторингі агенттігі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ведомство өкілдері ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайтынын айтты. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар