Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұман басады: 7 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман басады: 7 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
kaz.zakon.kz. Суретте: Тұман, ауа райы
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің жеті облысында тұман түсіп, дауыл тұрып, найзағай ойнайды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде және батысында түнде және таңертең тұман түседі. Сондай-ақ Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болады. Ал Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман басады.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар