Қоғам
"Аналары тұншықтырған": Қарағанды облысында 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 сәуір, 2024
- 638
Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз.
2 және 4 жастағы балалар зорлық-зомбылық жасалған, деп жазады KYN.KZ тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл тұрғындары балаларлы анасы тұншықтырып өлтіргенін айтады. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.