Салтанат Нүкенованың ата - анасы соттағы фото, видеолардан кейін ауруханаға түскен
- автор kyn.kz
- 9 сәуір, 2024
- 3.0k
Қуандық Бишімбаев оқиғаның қалай болғанын айтқан күні Нүкенова екеуінің не үшін тартысқаны, қандай жағдайлар болғаны, бәрі айтылды. Онда Bau мейрамханасы дәлізіндегі видеолар шықты. Ол жерде күйеуі марқұмды шашынан сүйреп, бірнеше рет тепкен. Осыны көрген Салтанаттың анасы Жұмагүл мен әкесі Амангелді Нүкеновтер өздерін нашар сезіне бастаған. Солан бері ауруханаға түсіп, сотқа қатысуға мүмкіндіктері болмай жатыр екен.
«Салтанаттың әке-шешесі сотқа дейін бұл суреттерді көрмеген еді. Осыдан кейін қатты қабылдап, ауруханаға түсіп қалды. Жағдайлары мәз емес. Сондықтан да ол кісілер соңғы сот отырыстарына келе алмай жүр. Ал Қуандық Бишімбаев болса, дәретханаға қалай құлатқанын, қабырғаға қалай құлағанын салқынқанды айтып тұр. Унитаз, қабырға, еден – бәрі кінәлі, бірақ ол емес. Сондықтан біз айыптаушы тараптың нұсқасын талап етеміз. Біз бұл кісі өлтіру деп санаймыз», – дейді Жанна Уразбахова.