Қоғам
Несиеге тұрғызған үйінің алдында отырған оралдық жігіттің суреті көптің жүрегін ауыртты
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 сәуір, 2024
- 7.1k
Ер адам су басқан үйінің алдынан алыстағысы келмей, отырып қалған.
Су басқан үйіне қарап отырған жігіттің фотосы желі қолданушыларының жүрегін елітті, деп жпзады KYN.KZ тілшісі.
Суретті журналист Аян Қалмұрат желілегі парақшасына жүктеді.
"Оралдық жігіт кредитке соққан, су басқан үйінің алдында отыр. Бүкіл елдің тағдырын бейнелейтін сурет сияқты…
Авторы: Lukpan Akhmedyarov", - деп жазды ол.
Ал желі қолданушылары "Қиын жағдай. Өкімет суға кеткендердің кредиттерін өтеп берсе қанша көмек болар еді", "Оңай емес.Жанын жалдап, барын беріп, әрең баспана тұрғызып отыр ғой. Қара халыққа өте қиын болды. Қайырын берсін" деп пікір қалдырды.
Келесі мақала