Салтанаттың көмекшісі: бірде Салтанаттың мойынында жіптен қалған қызарған із болды
- автор kyn.kz
- 10 сәуір, 2024
- 4.4k
Анар Тасова бүгін Астанадағы сотта куәгер ретінде өзі көрген дүниелерді баяндап берді. Ол Нүкенова тұрмысқа шықпай тұрып, оны көмекшісі болған. Салтанатқа адамдарды қабылдау бойынша тапсырыс алып, ретін түзеп жүрген. Салтанат тұрмысқа шығыр кеткеннен кейін де екеуі үнемі байланыста болған.
«Бетінен соққы ізін байқамадым. Мүмкін, ол боянып алғаннан кейін де шығар. Бірақ мойнының сол жақ бөлігінде жіптен із болды. Тіпті екеуміз бірге түскен фотосурет те бар. Сол суретте де көрініп тұр. 5 шілдеде Салтанат екеуміз селфи жасағанбыз. Салтанат бір қырын беріп түсті. Мен дәретханаға бірнеше рет барып, жылап алдым. Ол соны көріп отырды. Мен оны көрмес үшін маған көрсетпей бір қырымен отыратын. Білегі ашық көйлегінен көгергенін көрдім. Едәуір үлкен, көгерген іздер. Қорқынышты болды», - дейді ол.