Қоғам
"Хайуаннан бетерлері жетерлік": Ерке "баласы шетінеп кетті" деген ақпаратқа жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2024
- 2.1k
Ол ораза айында осындай қауесет таратқандарға ашулы.
Қараша айында ұлды болған Ерке Есмахан желіде “Еркенің сәбиі шетінеп кетті” деген ақпараттың тарап жатқанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
“Оразаның соңғы күндері менен жағдай сұрап, хабарласқан адам қалмады. Қасиетті айда қасиетінен айрылған малғұнның кесірінен. Мен негізі негативке күліп жауап беремін, артынан бақыт тілеп жіберемін. Бірақ бұл жолы маған емес, Раймға емес, кішкентай балаға тиісті. Жаман ұлт болмайды, жаман адам болмайды. Сол үшін “әр қазақ – менің жалғызым” деген сөзді айтқым келмейді. Өзім – қазақпын. Қазақ деген тәуір ұлт. Бірақ араларында осындай хайуаннан бетер адамдар жетерлік”, – деп ашуланды әнші.