Басты жаңалықтар
СҚО әкімі: өңірде су тасқыны жағдайы күрделі
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 сәуір, 2024
- 1.3k
Облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынына байланысты облыс тұрғындарына үндеу жолдады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынына байланысты облыс тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды СҚО әкімдігіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
"Құрметті жерлестер! Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау білдіруде. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыста жұмыс сапарымен екі рет Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектенов болды. Қазір облыста Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр тасқынға қарсы жұмыстарға басшылық етуде. Тұрғындардың өмірін сақтау - біздің басты міндет", - деді Нұрмұхамбетов.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




