Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

WBC Amateur TURKSOY: күзде Түркістанда бокс чемпионаты өтеді

WBC Amateur TURKSOY: күзде Түркістанда бокс чемпионаты өтеді
ТҮРКСОЙ Баспасөз қызметі
Кездесу барысында түркітілдес елдердегі бокстың дамуы талқыланды.

Түркістан қаласында күзге таяу ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен алғашқы WBC Amateur TURKSOY Бокс чемпионатын өткізу үшін қажет құжаттар түгенделіп, қол қойылды. Осыған орай Алматыда федерация президенті Рахымжан Ерденбековтың жетекшілігімен Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының Саммиті өтті. Шараның құрметті қонағы - Бас хатшы Сұлтан Раев болды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Кездесу барысында түркітілдес елдердегі бокстың дамуы талқыланды. Олипиада ойындарының жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Серік Қонақбаев, Қазақстан кәсіби бокс федерациясының құрметті президенті, WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) басқарма мүшесі Оксана Семинишина, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан кәсіпқой бокс федерацияларының басшылары қатысты.

Түркітілдес елдердің кәсіпқой бокс федерациялары келесі мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады:

— түрік тілдес елдерде жастар арасында кәсіпқой боксты танымал ету;

— қатысушы елдер арасында спорт саласындағы тәжірибе алмасуда ынтымақтастыққа жәрдемдесу

— дарынды боксшыларды қолдау және көтермелеу, сондай-ақ олардың дамуы мен мансаптық өсуіне жағдай жасау;

— Турнирге қатысушылар арасындағы достық байланыс пен өзара түсіністікті нығайту.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев өз сөзінде қызметінде жаңа бағыт векторы таңдалғанын және бұл спорт екенін атап өтті! Ол ұйымның бүгінге дейін шаңғы және ат спорты жарыстарын өткізгенін, келесі іс-шаралардың түркі елдеріндегі бокс чемпионаты болатынына өте қуанышты екенін жеткізді.

"Түріктер әрқашан жауынгерлерінің дене шынықтыруына, жауынгерлік өнеріне, қайсарлығына ерекше мән берген. Қытайлықтар түріктер туралы «оларды қуу оңай, жеңу қиын, жою мүмкін емес» деп жазды. ТҮРКСОЙ мәдениет, білім, ғылым және спорт салаларындағы даму мен өзара іс-қимыл деңгейін жан-жақты арттыруды қатты қолдайды", — деді Раев сөзінде.

Айта кетейік, былтыр WBC Amateur TURKSOY 5 салмақ дәрежесінде сынға түскен 500 жігіт қатысқан WBC Amateur Kazakhstan пилоттық турнирі өтті.

"Қазақстанда турнир 15-16 жас аралығындағы боксшылар арасында өтті. Олар дулыға киіп, 2 минуттан 4 раундқа шықты, төрешілер соққыларды бақылады. Біздің басты міндетіміз – боксшылардың денсаулығын сақтау, біз мұны барлық деңгейде және барлық жаста үнемі қадағалап отырамыз. WBC әуесқой ТҮРКСОЙ-ға келсек, биыл 15-16 жас аралығындағы боксшылар арасында 7 салмақ дәрежесінде финалдық кездесу жоспарланған. Жалпы, бізде екі жас категориясына бөлінген 13-14 жас және 15-16 жас аралығындағы барлығы 34 салмақ дәрежесі болады, финалдық бөлім 3 күнге созылады», - деді Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Болат Манкенов.

Осылайша алғашқы  WBC Amateur TURKSOY әуесқой бокс чемпиондық белбеуі 2024 жылдың күзінде Түркістан қаласында өтеді. Алдағы уақытта Қазақстан бокс федерациясы мен Бас хатшының кеңесшісі Қайрат Мұқанов басқаратын ТҮРКСОЙ-дың Алматыдағы өкілдігімен дайындық жұмыстары басталады. Ұйым алдағы уақытты түркі тілдес ердердің спортының дамуы үшін іс-шаралар тізімін көбейтуді жалғастыра бермек.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар