Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойды

Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойды
Tengrinews.kz
Қос қорғаушы 9:30-да болатын сотқа кешігіп келген.

Астанадағы мамандандырылған  ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды. Бүгінгі сот отырысына сотталушының қос қорғаушысы Лейла Рамазанова және  Назкен Құсаинова кешіккен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Істі қарау басталмай тұрып Бишімбаев соттан өзінің екі қорғаушысын күтуді сұрады. Бірақ, судья Айжан  Құлжанова күтуге болмайтынын, істі қарауды жалғастыратынын айтты.

Кешегі тоқтаған жерден қылмыстық істі қарау жалғасып жатқан кезде Бишімбаевтың үшінші қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судьядан екіс сыртында тұрған қос қорғаушыны сот залына кіргізуді сұрады.

Бірақ айжан  Құлжанова бұл жолы да рұқсат бермеді.

"Бұған дейін оларға бірнеше рет істі қарауға кешікпей кіру керектігі айтылды. Қалай десек те бұл сот отырысы, онлайн-трансляция болып жатыр. Сот отырысының 9:30- болатынын біле тұра  кешікті. Сол себепті олар ішке кіре алмайды. Сот үзіліс жариялаған кезде ғана олар кіріп, әрі қарай қатыса алады",-деді судья.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар