"Пікірлеріңіз үшін рахмет": Нүкенованың жарақатын талдаған сарапшы әлеуметтік желіге тіркелді
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 сәуір, 2024
- 793
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Алғашқы жазбасын Халимназаров халыққа алғыс айтумен бастады.
«Құрметті оқырмандар! Мені қолдап, жылы сөз жазып жатқандарыңызға рақмет! Мен туралы және менің кәсіби біліктілігіме қатысты айтып жатқан пікірлеріңіз мен үшін маңызды. Кешегі күн сүйікті ісіме арнаған 33 жылға татыды!», - деп жазды ол.
Бір күн ішінде оның парақшасына 70 мыңға жуық адам жазылған. ал алғашқы постына 200 мыңнан астам адам пікір қалдырған.
Айта кетейік, 9 сәуір күні Бишімбаев ісі бойынша сот залына келген сот сарапшысы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың жарақатын маникенге сыщып көрсетіп, өзі құлағаннан бұндай жарақат алмайтынын нық сеніммен айтқан. Сондай-ақ ол Бишімбаевтың адвокаттарының да сұрақтарына мүдірмей жауап беріп, әр сөзін дәлелмен ұсынған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры оқушыларды ұрған: желіде видеосы тарады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2024