"Шашы су-су боп қонақүйден шығатын": "боғауыз завуч" боп танылған Ұлжанның құрбысы куә болған жайттарын ақтарды (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 сәуір, 2024
- 54.8k
Бір кездері аузынан былапыт сөздерді боратып, қоғамның назарын өзіне аударған Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметінде болған атышулы Ұлжан Елмұратованың жанында жылдар бойы жүрген құрбысы Арайлым Шәріпова өзі куә болған оқиғаларын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
33 жастағы 4 баланың анасы кезінде Елмұратовамен жақын араласып, кейін араз болған. Сөзінше қазір Шымкент қаласына қашып құтылыпты.
"Арыз жазған төрт қыз жан-жаққа кеттік. Ол ауылда қысым көрді ол қыздар жұмыста. Сондарына адам салды. Сондай жағдайға дейін жетті. Ауылдан көшіп кетуге мәжбүр болдық", - деп сөз бастады ол.
Айтуынша өзін сол Бадам ауылы әкімшілігіне Елмұратова жұмысқа орналастырыпты.
"Жұмысқа кіргізу үшін 300 мың теңге ақша бергем. Менен кейін Ақкүмісова деген қыз 1 млн 200 мың теңге беріп Бадам ауруханасына кірген. Қазір ол да, мен де шығып кеттік жұмыстан. Ауылдық жерде ақша бермей кіру мүмкін емес. Ақша беріп кірдік. Тағы бір қыз әкімдікке ветеринар боп кірген. Ол да осы шудан кейін Шымкентке көшіп кетті. Төртінші қыз оның туысқаны болатын. Сәкен мектебіне кіру үшін 500 мың теңге берді. Ол аз берді туысы ғой", - деген ол жұмысқа орналастырған қыздарды өзінің жеке шаруаларына да жегіп қоятынын айтты.
Тіпті үйін жинатып, кірін жуғызып қояды екен. Жұмсағанымен қоймай, "үйдегі бағалы заттарымды ұрлады" деп қыздардың үстінен полицияға шағым түсіріпті.
Бұрынғы құрбысы оның бірнеше алаяқтығына куә болғанын айтады.
"Көлікте келе жатқанбыз. Мен артта отырғанмын.Рубашкасының алдының түймелерін ағытып, "мені зорлап жатсың" деп айқайлап, жақын жердегі учаскеге барып, арыз жазып, мені куәгер қып тастады аяқ астынан. Содан 700 мың теңге өндіріп алды сосын", - деп ол сол күнгі оқиғаны айтып берді Құралбек Сейітханұлына берген сұхбатында.
Сондай-ақ ол талай рет Елмұратованы қонаүйдің алдында күткенін айтты.
"Сол кездері күйеуі, бала шағасы болса да, қонақүйден шашы су-су боп шығатын. Күтіп отыратынмын көлікте. Осыны өзіне айтқанмын "жүргішсін" деп, менің үстімнен арыз жазған "Қоғамдық ортада абыройымды төкті" деп", - деді ол.
Айта кетейік, "боғауыз завуч" атымен қоғамда аты шыққан Ұлжан Елмұратованың соты жалғасып жатыр.