Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ей, жануарым-ай...": асыл тұқымды айғырынан айрылған Әбдірайымов өкінішін айтты

"Ей, жануарым-ай...": асыл тұқымды айғырынан айрылған Әбдірайымов өкінішін айтты
Бағлан Әбдірайымовтың İnstagram-парақшасынан
Жардан құлаған ғой.

Әнші, продюсер Бағлан Әбдірайымов асыл тұқымды ақбоз айғырынан айрылғанын айтып, кезінде сатып жібергеніне өкінді, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Атам марқұмның ақбоз айғыры болған. Ол кезде баламын. Облыс әкімшілігінің қызметкерлері қымбат дүние мен қосымша ақша ұсынып, ақбоз атқа сауда берді. Атам келіспей, атты бермейді. Үш күн өтпей ақырға ұялап өліп қалды. Бұл оқиғадан сабақ алғанмын. Қатты назар ауғанда саудасы келеді, беру керек. Сол секілді, біздің де жануарға елдер баға берді. Тікелей кездесіп, сөйлеспеген соң сататын ниет білдірмедім. "Zero QARYZ" киносына қаражаттан қиналған сәтте, әлгі адамдар ұсынған баға еске түсе беретін. Бірақ, бұлай боларын кім ойлаған… Атамның басынан өткен оқиғаны қалайша естен шығарып алдым?

Ей, жануарым-ай...Жардан құлаған ғой. Бел-омыртқасы сынып кеткен. Талай жігіттің арманы болған ат еді. Қандай бағалар беріліп еді. Қимастық болып, сатпап едім. Ол кісілерге де, маған да бұйырмаған екен. Қаншама баптап, бір қазан ет болып қалды. Үйірге жіберіп, биеге асылып, мінез шығарып жүргеніне балаша қуандық. Үйір қайыратын айғырдың әдеті емес пе?! Айдаладағы айғырдан үйірді қызғанып, жарды көрмей қалған. Жұлыны сол жерде үзілген. Намысты жануар қанша тұруға талпынса да, артқы аяқтары қозғалмай жатты. Тек алдыңғы аяғымен жер тепсініп, пырылдап, ызамен жатты. Қандай жануар болса да бір қазан ет болды. Саудасы бітті. Айтпағым: "Көз – жылқыны қазанға, адамды қабірге салады" деген, тіл - көзден аман болайық! Арты кино болсын!", – деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар