Қоғам
"Ваннаға сүйреп алып барып, тұншықтырған": Ақмола облысында әскери қызметкер сүйіктісін өлтіріп, артынша тонаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 сәуір, 2024
- 1.3k
Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Ақмола облысында әскери қызметкер букмекерлік кеңседегі қарызынан құтылу үшін сүйген қызын өлтіріп, бағалы заттарын алып кеткен, деп жазады Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменте сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
20 жастағы сарбаз сүйіктісінде қомақты қаражат бар екенін біліп, оның үйіне барып, 200 мың теңге қарыз беруін өтінген. Бірақ қыз бермеген соң жігіт оны диванға жатқызып, жастықпен тұншықтырған. Есінен танған бойжеткенде ваннаға сүйреп апарып, суға тұншықтырған.
«Жігіт қыздың алтын бұйымдарын, iPhone телефоны мен 180 мың теңгесі бар әмиянын, құжаттары мен банк картасын алып, шотынан бірден букмекерлік кеңсенің жеке шотына ақша аударған», – делінген хабарламада.
Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.