"Бүгін тойы болуы керек еді": Құлсарыда су басқанда жоғалған жігіттің денесі табылды
- автор kyn.kz
- 14 сәуір, 2024
- 22.6k
Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та Жылыой ауданы Құлсары қаласында ТЖД күштерімен жоғалған әкемен баланың денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ порталы.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 2000 жылғы баласының денесі өз үйінен бір шақырым қашықтықта 1.5 метр тереңдіктегі су астынан табылды.
"2024 жылы 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылғы ер адам 2000 жылы туған баласын ертіп, су басқан үйін көріп қайтуға аттанған",- делінген хабарламада.
Бүгін таңда баланың әкесінің денесі табылды. Ұлының денесі түс ауа табылды. Олар бір аптадан бері ізделіп жатқан еді.
Жас жігіт биыл университетті бітірген. Қызыл диплом алатын еді. Сол себепті де бұл отбасы 14 сәуір күні марқұмның үйлену тойын жоспарлаған еді. Өкінішке қарай тойдың орнына Асылхан Нұржаудың денесі табылып, бұл үйде жаназа болып жатыр.