Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Үш баламен кімге керексің": бұрынғы әйелі Бишімбаевпен қалай бірге тұрғанын айтты

"Үш баламен кімге керексің": бұрынғы әйелі Бишімбаевпен қалай  бірге тұрғанын айтты
коллаж kyn.kz
Назым Қахарман: Кінәнің бәрін өзімнен іздеп түрлі коуч, балгерлерге дейін бардым

Назым Қахарман өзінің басынан өткен жағдайларды баяндай отырып, өмірде өзін төмен санап, күйеуінің жағымсыз қарым-қатынасына тек өзін кінәлайтын әйелдерге кеңесін айтты. Сөзінше ол өзіне сенімді, ортасында беделді, оқуда озат, айналасына шаттық сыйлап жүрген өте көңілді ару болған. бірақ 22 жасында ағайын-туыс "бұл бақыт емес, нағыз бақыт күйеумен" дегенді жиі айтып оның өмірге көзқарасын өзгерткен.

"Өз бағаңды түсіру оңай, көтеріп, сенімді болуға жету өте қиын",-деп жазды Назым өз Историясында.

Ол бүкіл қиындыққа өзін себепші көріп, шарқ ұрып жөндеудің жолын іздеген.

"Мына жерде менің жасым 31 де. Тура Салтанаттың жасы. Күйеуімнің аз-маз мөлшерлеп айтқан сыны мені өзімді құнсыздандырудың түбіне жеткен кезім. Бақытты өмірден гөрі, жаным қара тұңғиыққа түскен кез. Өмірге, өзіме қарауға күшім таусылған сәт. "Үш балаңмен кімге керексің", "30 дан асқан кәрісің","Күйеуің көзіңе шөп салады, бәріне өзің кінәлісің", "Бала үшін отбасын сақтау керек" осындай сөздердің бәрі ішіме толып, өзімді ұмытқан сәттер",-деп есіне алды Назым Қахарман 31 жасындағы суретін көрсетіп.

Ол өзін табу үшін түрлі даму курстары мен балгер-бақсыға дейін барыпты.

"Мен бәріне барып, өзімді таппадым. Сөйтсем менде барлығы жақсы екен. Бұрынғы ашық, ақжарқын, менде бәрі жақсы мен бақытқа ашық адам екенмін. жай ғана барлығына себеп пен жауапты іздеп өзімді ұмытыппын, өз жаныма үңілмеппін",-деп жазды Назым Қахарман.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар