"Салтанаттың отбасына қарсы қоймақ болды": Байжановты үгіттеу үшін Бауыржан Мусин тергеу изоляторына 4 мәрте барған
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2024
- 826
Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін сот залында Бақытжан Байжанов тергеу изоляторына өзіне Салтанаттың отбасына қарсы үгіттеуге құқық қорғаушы Бауыржан Мусиннің келгенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Сот отырысында Ғазиз Ынтықбаев Байжановтан Бишімбаевтың қысымы туралы толығырақ айтуды сұрағанда, Байжанов тергеу изоляторына Мусинмен бірге Бишімбаев та бір мәрте келгенін айтты.
"Иә, Бауыржан Мусин маған 4 рет келді. Сағат 22.00-ден кейін мені камерадан шығарды. Оның жанына барғанымда қасында Бишімбаев тұрды. Ол кездесу ұйымдастырғысы келді. Мен бірден бұрылып, кетіп қалдым. Әкімшіге енді маған келмеуін сұрамадым. Өйткені оның келуін мен де адвокаттар да ешкімнен сұраған жоқ. Ол сонда да екі-үш рет келіп, мені Салтанаттың отбасына қарсы қоймақ болды. Бауыржан Мусиннің кім екенін білмеймін", – деді Байжанов.
Екінші сотталушы Байжановтың айтуынша, Мусиннің тергеу изоляторына кейін жалғыз бірнеше мәрте барған. Сондай-ақ ол оқиға болған күні Нүкенованың мас болғанын да айтқан.