Қоғам
"Бу акшам өлүрүм": Түркияда чемoданында артық салмақ шыққан қазақстандық келіншек әуежай қызметкеріне өлең айтып, ақша төлуден құтылды (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2024
- 2.2k
Ол артық салмақ үшін ақы сұраған әуежай қызметкеріне әндете жөнелген.
Түркия әуежайларының бірінде Салтанат есімді келіншек түрік әнін шырқап, артық салмағы бар чемоданға ақша төлемеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Келіншек регистрациядан өтіп жатқанда артық салмағы бар багажына ақша төлеуін талап еткен қызметкерге "Тутамас" әнін шырқап, өтіп кеткен.
Кадрда түрік қызметкердің мәз боп, билетін дайындап жатқаны анық көрінеді.