Спорт
Ержет Жарылқасын Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2024
- 365
Ержет Жарылқасын Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медальға ие болды.
Грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медальға ие болды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
63 келі салмақтағы Ержет Жарылқасын финалда Жапония өкілі Аята Сузукимен белдесіп, 6:6 есебімен ұпай сапасы жағынан басым түсті.
Ержет Жарылқасын турнирдегі алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея балуаны Док Юнг Джунды 6:4 есебімен ұтса, ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Хавсавиден 8:0 есебімен басым түсті. Кейін жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді қапыда қалдырып (5:3), финалға өткен еді. Айта кетейік, Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде еншілесе, әйелдер күресінен сынға түскен балуандар 4 қола медаль жеңіп алды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Паралимпиада ойындарында Ерғали Шәмей күміс жүлдегері атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қыркүйек, 2024
Спорт
Париж Олипиадасына қатысқан спортшыны жігіті бензин шашып өртеп жіберді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024