Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Алдымен әйелін бауыздаған": Ақтауда ер адам пәтерін өртеп жіберген

"Алдымен әйелін бауыздаған": Ақтауда ер адам пәтерін өртеп жіберген
Оқиғадан соң онымен бірге тұрған ер адамы ұсталған.

Ақтауда 14 шағын ауданда өрт шыққан пәтерден 52 жастағы әйелдің денесі табылды. Көршілерінің мәліметінше, азаматтық некедегі күйеуі әйелді бауыздап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеген, деп жазады KYN.KZ тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға 16 сәуір күні түнде болған. Көршілері көз жұмған әйелдің атының Парахат екенін, оның тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрғанын айтады. Оқиғадан соң онымен бірге тұрған ер адамы ұсталған.

"Біз бәріміз таңғы сағат 5:10-да сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көрші шақырыпты. Білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабаттан ұстаған", - деді марқұмның көршілерінің бірі.

Көршілерінің айтуынша, ер адам алдымен әйелді бауыздап, кейін пәтерін өртеуге тырысқан.

"Өрт сөндірушілер тез келіп, сөндірді. Мен кездейсоқ полицейдің суретін көріп қалдым. Ол дәліздегі еденде жалаңаш төмен қарап жатыр. Қорқынышты, өте қорқынышты", - деді көршілердің бірі өткен түннің әсерімен бөлісті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар