"Жамбас тұсынан ұрдым": Алматыда өгей ұлын ұрып өлтірген әке сот алдында жауап беріп жатыр.
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 сәуір, 2024
- 1.5k
Кінәсін мойындамады. Алматыда өгей ұлын ұрып өлтірген әке сот алдында жауап беріп жатыр. 20 жасқа енді толған күдіктінің өзі кінәсін мойындап отырған жоқ. Айтуынша, төрт жасар бүлдіршін баспалдақтан өзі құлап, оңбай жараланыпты, деп жазады KYN.KZ тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бірақ айыптаушы тараптың келтірген дәйектері мүлдем басқа. Естеріңізге салсақ, бұл оқиға былтыр қыркүйек айында болған. Төрт жасар бүлдіршіннің өлімі былтыр «Алма сити» тұрғын үй кешенінде болған. Бала, анасы мен оның студент көңілдесі үшеуі сол жерде тұрыпты. Оқиға болған күні келіншек 19 жастағы жігітіне ұлын тапсырып жұмысқа кеткен. Сол сәтте жас жігіт мазасызданған Хантөренің қылығын көтере алмай, оны сабап, артынша түк болым.
Құралай Әбілдаева, балабақша тәрбиешісі:
— Күнделікті қабылдау болды, сосын бас киімін, киімін шеше бастадым. Сол кезде баланың бетінің ұрылғанын көрдім. «Сен кеше не жедің, құсып жатырсың ғой, саған не болды?» деген кезде, «папа ударил» деді, тек қана айтқан бір сөзі сол. Бетіне үңіліп, жақсылап қараған кезде білдік, саусақтың ізі екенін. Іле-шала жеткен анасы дереу ауруханаға алып кетіп, тәрбиешілерге астан уланды деп, оқиғаны жылы жаппақшы болыпты.
Әйгерім Уәлиханова, балабақша меңгерушісі:
— «Құсқан себебі не?» деп сұрадым, мамасы «KFC жеді» деді. «Басын түсірдіңіздер ме, миы шайқалмаған ба?» деп сұрадым, «жоқ» деді. Орналасу барысындағ иәғ Хантөрені әкелгендеғ бір жақ қасында жарасы болды, мамасынан бірден сұрадым, «горкадан құладық» деді. Самал өзінен алты жас кіші жігітпен Энергетика және электронды технологиялар колледжінде танысыпты. Келіншек сол жерде жұмыс істесе, ауыр қылмысқа барды деп айыпталып жатқан Дархан Дәулетов аталмыш оқу орнында оқыған. Бүгінгі сотта ол баланы «қасақана ұрмадым» деп ақталумен болды.
Дархан Дәулетов, айыпталушы:
— Бір рет жанбас тұсынан, құйрығынан алақанмен ұрғаным бар, оны растаймын және де сол уақытта қолды-аяққа тұрмай, бой бермей, подъезде ары-бері жүгіріп, балабақшаға бармай, қарсылығын білдіртіп, сол кезде абайсызда, мен есікті құлыптап жатқан кезде, ол абайсызда баспалдақтан лесницадан құлап кеткен болатын. Құрметті сот, қаза келтіру мүлде ойымда болған емес, болмады, қатты күш көрсеткен емеспін. Дегенмен тергеу келтірген дәлел мүлдем басқа. Айыпталушы балаға оннан аса соққы жасаған. Анасы ұлының азаппен өлтірілгенін естіп отырса да, былқ етпеді. Ал оның экс-күйеуі, яғни Хантөренің туған әкесі айыпталушының жағасынан алуға дайын тұрды.
Ақылбек Дармаханов, Хантөренің әкесі:
— Ешқандай құтылып кете алмайсың, мен ақырына дейін барамын. Сен менің баламды өлтіріп отырсың ғой, мен сені өмір-бақи бас бостандығынан айыру үшін аяғына дейін до баратынымды айтып кетемін. Бұл жерде адвокаттарың да, әкең де көмектеспейді. Бұл жерде сенің сандырақтарың өтпейді. Бауыры мен бүйрегі езіліп, ішегі үзіліп кеткен бүлдіршіннің соңғы демі жансақтау бөлімінде үзілген. Марқұмның әкесі айыпталушының бұндай қылмысқа баруын «қызғаныштан» деді. Бұрынғы әйелімді кім көрінгеннен қызғанып, кегін ұлымнан алды деп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024