Атырауға гуманитарлық жүк артып жатқанда қайтыс болған азамат жерленді
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 сәуір, 2024
- 1.4k

Атырауға гуманитарлық жүк артып жатқанда қайтыс болған азамат жерленді. Түркістан облысының тұрғыны Қайырбек Әлімбекұлының артында жары мен 7 баласы, мүгедек інісі қалған. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"13 сәуір күні Атырауға көмекке аттанғалы жатқан бауырымыз Хово жүк көлігін вагонға артып жатқанда оқыстан көлік доңғалағы вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойып, 7 баланың әкесі 37 жастағы Қоспанов Қайырбек Әлімбекұлы деген бауырымыз қайтыс болды. Бала күнімнен бірге өскен, әрі көршім, әрі досым еді. Өте мейірімді, кімге көмек қажет болса қол ұшын созуға асығып тұратын азамат еді. Соңғы іс-әрекеті де елі үшін көмекке асығу болды. Көмекке аттанар алдында өте қуанып жүр еді, жақсы тілектер айтып шығарып салып едік, амал нешік жете алмады", – делінген журналистке келген хатта.
Ынталы ауылының тұрғыны Қайырбек Әлімбекұлын жерлеу рәсімі бүгін өтті. Марқұмның жолдасы Сара есімді келіншек 7 баламен жесір қалғанын айтады.
"Бүгін жерледік. Қолымда екі қайным бар. Біреуі үшінші топтағы мүгедек. Балаларымның үлкені - 16 жаста. 10-сыныпта оқиды. Ал ең кенжем 2 жаста", – дейді әйел.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025