Мәдениет
"Андрей күнде кешке тарымен шай жасап береді": Фариза күйеуінің романтик екенін айтты (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2024
- 1.8k
Неге екені белгісіз осы кезде Фариза күлкісін тыя алмай қалды.
Әнші әрі актриса Фариза Ескермес күйеуінің қандай романтик екенін айтып берді, леп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Күнде кезке кездесуге шақырады. Гүл, сыйлық әкеп береді. Андрей күнде кешке тарымен, сүтпен шәй жасап береді. Биге шақырады үйде", - деп айтты ол Ревю ньюске берген сұхбатында.
Ал күйеуі болса, Фаризаның да романтикаға келгенде өзінен асып түсетінін айтып, тәтті тағамдар пісіретінін жеткізді. Неге екені белгісіз осы кезде Фариза күлкісін тыя алмай қалды.
Ал желі қолданушылары «күшті», «керемет», «қазақтан асып кетті» деп деп жас жұбайлардың бір-біріне жарасымды жұп екендерін жазып жатыр.