Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Көргенсіз халықпыз, жек көріп кетесің": Ғалымжан Молданазар не себепті жиі ашуланатынын айтты (видео)

"Көргенсіз халықпыз, жек көріп кетесің": Ғалымжан Молданазар не себепті жиі ашуланатынын айтты (видео)
"Если честно". Суретте: Ғалымжан Молданазар
Ғалымжан Молданазар адамдардың бір-біріне деген сенімі жоғалғанын айтады.

Өзіндік стилі бар, сапалы әндерімен тыңдаушысын қалыптастыра білген Ғалымжан Молданазар “Dopesoz” подкастында халықтың жай-күйі мен елдегі болып жатқан оқиғалар туралы ойын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Ғалымжан Молданазар адамдардың бір-біріне деген сенімі жоғалғанын айтады. Айналасында боп жатқан оқиғалар оны таң қалдыратын көрінеді. Тіпті "ашуланамын" дейді әнші. 

“Жек көріп кетесің. Біз көргенсіз халықпыз. Дым көргеніміз жоқ. Халыққа у беріп, су десең, іше береді. Бір-бірін сыйлау, әдеп деген дүниелерден ажырап қалдық. Әдепті болайық, патриотизмді насихаттайық деп жұртқа айтсаң, күлкіге қаласың. Әдепсіз білімді адам бомба жасауы мүмкін. Әдепсіз білімді адам, білімсіз адамды қолданады. Оның ар-ұяты мазаламайды. Ешкімге жаны ашымайды. Ол үшін ұлттық идеологияны қолға алу керек.

Мен үшін, тіл – қатынас құралы. Шынымдай айтсам, орыс тілінде қате сөйлесем, ұялмаймын. Ол – шетел тілі. Мен ауылдың баласы болғандықтан, қате жіберуім кешірімді деп ойлаймын. Оңтүстік жақта орыстардың өзі таза орыс тілін білмейді. Адам сынамас бұрын, өзіне қарауы керек. Біз қате сөйлесек, жұрт күледі деп одан сайын кейін шегінеміз. Менің орыстілді достарым маған еріп, қазақша сөйлеп жүр. Кейде бас қосып, ойын ойнаймыз. Сол кезде “Дұрыс айттым ба, мына сөз қазақша қалай айтылады?” деп сұрайды. Қатты қуанып қаламын”, – деді ол сұхбатында. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар