"Тыңдамасам жынданып, айқайлайды": сотта Салтанаттың құрбысына жазған хаты оқылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2024
- 33.2k
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың Астанада соты жалғасып жатыр. Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Салтанат құрбысына Бишімбаевтың мүлдем ұйықтамайтынын айтқан.
«Үнемі параноид (Бұл басқа адамдардың әрекеттерін кемсіту және қорқыту деп қабылдайтын сезім. Бұл органикалық және емделетін ми ауруы). Менен бірдеңе сұрап, кейін сандырақтайды. Тыңдамасам жынданып, айғайлайды. Мен екі тәулік бойы ұйықтамағанымды түсіндіргім-ақ келеді. Бірақ ол "демек, саған бәрібір" дейді. Шынымды айтсам, мен оны аяймын. Ол жаралы адам, ауру. Мен оған көмектескім келген, бірақ мен өз-өзімді өлтіріп тынатын сияқтымын, - деп жазған Нүкенова құрбысына.
Сондай-ақ Нүкенова дүниеге бала әкелуге қорғатынын, 24 сағат бойын жанынла өзін аңдып отыратынын жазған.