Басты жаңалықтар
"Қолымдағы бар байлығымды Назым мен балаларыма сыйлаймын": Бишімбаевтың өсиеті жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2024
- 3.1k
Бұл видео сотталушы Бақытжан Байжановтың 9 қараша, яғни телефонына Салтанат Нүкенованың өлген күні түсірілген.
Астана Жоғарғы сотта Бишімбаевтың өсиет жазып қалдырған даусы тыңдалды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бұл видео сотталушы Бақытжан Байжановтың 9 қараша, яғни телефонына Салтанат Нүкенованың өлген күні түсірілген.
«Қолымдағы бар затымды Назымға сыйлаймын. Балаларымды асырасыншы. Барлық шотымды, байлығымды балаларыма сыйлаймын. Балалар мен Назымға. Мансұр, Кәрім, Ранияға сыйлаймын», - дейді Бишімбаев видеода.
Алғашында бұны есіне түсіре алмаған Бишімбаев видеодағы дауысты естігеннен кейін барып, өзі айтқанын мойындады.
«Иә, есіме түсті. Олар мені тоқтатқанда болды. Қолымда пышақ болған. Мені полиция ұстады, ол кезде Байжановқа «маған бірдеңе болса, байлығым балаларыма қалсын» дегенмін», - деді ол.
Келесі мақала