Қоғам
Шымкентте 11 жастағы жеткіншек 3-қабаттан құлап кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2024
- 479
Оқиға әл-Фараби ауданында Әлімқұлов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған
Шымкентте 11 жастағы қыз 3-қабаттан құлап кетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Оқиға әл-Фараби ауданында Әлімқұлов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған. Ол ойнап жүріп, 5 қабатты ғимараттың 3-қабатынан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті. Қазір аяғы сынған жеткіншек ауруханада ем алып жатыр.
«Балалар ауруханасында алғашқы ем көрсетілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді. Жағдайы орташа. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті анықтайды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Келесі мақала