Аспан бұлтты: 18-20 сәуірге арналған ауа-райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2024
- 1.0k
Синоптиктер алдағы үш тәулікте Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал ауа температурасы +27°С дейін қызады.
Астанада:
18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +20...+22°С;
19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +22...+24°С;
20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +4...+6°С, күндіз: +20...+22°С.
Алматыда:
18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +19...+21°С;
19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +21...+23°С;
20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +23...+25°С.
Шымкентте:
18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +23...+25°С;
19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +24...+26°С;
20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +25...+27°С.