"Өлтіріп алуы түсінікті": Алмат Сақатов Бишімбаевтың әрекетіне баға берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2024
- 963
“Бауыржан шоу” театрының актері, кейін қоғамдағы мәселелерді айтып, шағын видеолары арқылы блогер боп танылған Алмат Сақатов бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты өз ойын айтты. Оның пікірінше, оқиғада қандай жағдай болса да әйелге қол көтермеу керек. Бұл туралы ол “Dala” подкастында айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Сақатов абайсызда адам өлтірген күннің өзінде бұның дәлелденіп тұрғанын айтады. Сондай-ақ "тілінен тапты" деп жатқан адамдардың пікірінің орынсыз екенін жеткізді.
“Иә, әйел сөйлейді. Көріп отырған ағайынға сұрағым бар. Кімнің әйелі сөйлемейді?! Сөйлемейтін әйел бола ма?! Әйел енді не істейді?! Олар соға алмайды, ұра алмайды, тістей алмайды. Әйелдің қаруы – тіл. "Тілсіз жау" дейді. "Елу бәленің қырық тоғызы тілден" деп жатады. Әйел сөйлеу үшін жаралған. Ал еркек жұмыс істеп, отан қорғап, ұясын, баласы мен әйелін қорғау үшін туған.
Адамдар "не болды әйел ұқсап ұрысып?" деп айтып жатады ғой. Әйел ол сөйлеуі керек, сені шағуы керек. Біздің үйде де айдаһар бар. Анам да әкеме сөйлейтін, үй жинап жүріп ұрысып алатын. Әйелдің табиғаты сондай. Мен оны түсінемін, егер Салтанат қолына суық қару алып, одан Бишімбаев қашып құталамын деп маңдайына балта қадаса, түсінетін едім. Нақсүйері болды деді, сонымен бірге ұстап алса ашумен өлтіріп алуы түсінікті еді. Бірақ сөйлегені үшін адамды ұрып өлтіріп, оны тосып, көріпкелге қоңырау шалу деген – сұмдық. Айтарға сөзім жоқ", – деді өнер иесі.