Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Басқа жерден жаңасын салу": Фариза халық тоқтатып тастаған мешіт жайлы айтты

"Басқа жерден жаңасын салу": Фариза халық тоқтатып тастаған мешіт жайлы айтты
Тұрғындар да желі қолданушылары да мешіт орнына мектеп пен аурухана салу керек деген пікірде.

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен бірге мешіт саламын деп халықтың сынына қалды. Осыған қатысты блогер жұрттан кеңес сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Астана қаласының іргесіндегі ауыл маңынан мешіт құрылысын бастаған оларды тұрғындар қуып шыққан. Тұрғындар да желі қолданушылары да мешіт орнына мектеп пен аурухана салу керек деген пікірде.

“Өмір деген – кино. Әркім өзінің рөлін таңдап алады. Біреулер жақсы кейіпкер болады, біреулер соған кедергі келтіретін кейіпкер, біреулер жаман адамның бейнесінде болады. Біз бұл тұста атақ қуатын, атын шығарғысы келетін адамның емес, бір Алланың ризалығын қалап, мешіт салатын, қандай кедергі болса да, жақсы амалда табанды болатын рөлді таңдадық. Раббымыз бізге мешіт салғызып жатыр. Үлкен арман. Үлкен мақсат. Үлкен жоба. Ертеңгі тарих. Осы мақсат жұмыс істеуге үлкен шабыт пен жігер берді. Ақиқатында әр ризық Алладан болған соң оның жолында сол ризықты жұмсай алу бір бақыт. Біздің миссия – Пайғамбарымыздың (с.а.с) үмметі, еліміз үшін қызмет ету, дамуына үлес қосу. Бұрыннан екеуміз отырып алып "Бір күні қайырымдылыққа мешіт, медресе салатындай табыс деңгейіне жетсек қой" деп қиялдайтынбыз. Раббымыз жүректердегі ниетті білуші, осы күнді нәсіп қылып жатыр. Алда медресе, кітапхана, мектеп және тағы да мешіттер салуға ниетіміз бар. Бірақ кешегі оқиғадан кейін ойым екіге бөлініп отыр. Құрылысты ары қарай жалғастыру немесе басқа жерден жаңасын салу. Қалай дұрыс деп санайсыздар?”, – деп кеңес сұрады блогер.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар