Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте сұлу бойжеткенді көлігіне басып, алып қашқан маңғыстаулық жігіт сотталды

Шымкентте сұлу бойжеткенді көлігіне басып, алып қашқан маңғыстаулық жігіт сотталды
news.myseldon.com. Көрнекі сурет. Суретте: бойжеткен, көлік
Бейнебақылау камерасына іліккен оқиға биыл ақпан айында тал түсте көше ортасында болған еді.

Шымкентте қыз алып қашқан жігітке сот үкімі шықты. Желіде танысқан аруды көлікке басып алып қашқан маңғыстаулық азамат 4 жыл шартты жазаға кесілді. Судья айыпталушының сотталмағанын және жәбірленушінің кешірім бергенін ескеріп, осындай шешім шығарыпты, деп жазадды "31-арнаға" сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

Бейнебақылау камерасына іліккен оқиға биыл ақпан айында тал түсте көше ортасында болған еді. Жаңаөзеннен Шымкентке келген жігіт қызбен кездесіп, оны алып қашқан. Екеуі инстаграм әлеуметтік желісінде танысқан екен. Кейін бойжеткен полицияға арыз жазып, адам ұрлау бабы бойынша іс қозғалған болатын. Сот барысында прокурор заң бұзған азаматты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрапты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар