Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Тегін жасамайды ғой": Халимназаров ресейлік әріптестері жүргізген сараптаманың сырын ашты (видео)

"Тегін жасамайды ғой": Халимназаров ресейлік әріптестері жүргізген сараптаманың сырын ашты (видео)
Коллаж: KYN. Суретте: сарапшылар
Халимназаровтан сұхбат алған тележүргізуші Дина Төлепберген "ресейлік сарапшылардың бұл әрекеті күткен жаңалық па? деп сұрады.

Салтанат Нүкеноваға қатысты сараптама жүргізіп, қорытындысын сотта маникенге сызып тұрып көрсеткен Тахир Халимназаров ресейлік әріптестерінің сараптаманы қалай жүргізгенін айтып берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Халимназаровтан сұхбат алған тележүргізуші Дина Төлепберген "ресейлік сарапшылардың бұл әрекеті күткен жаңалық па? деп сұрады.

"Бұны біз күткенбіз. Өйткені практикада бар. Жазғанына сүйенсек, қылмыс болмаған боп тұр ғой", - деп жауап берді сарапшы. 

"Биоматериалдарды тексермей, тек қана құжаттарға сүйеніп, қорытынды жасау қаншалықты кәсіби?" деген сұрағына "Бұл сараптама емес, екі маманның көзқарастары. Мемлекеттік мекеменің атынан шығып тұрған құжат емес. Екі тұлғаның жазып тұрғаны ғой. Көрдіңіз бе! Оның бәрін тегін жасамайды ғой олар. Ең маңыздысы да осы болып тұр ғой", - деді ол. 

Әйелін өлтірді деген күдікпен бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотында ресейлік сарапшылардың "Салтанаттың өлімі оқиға болған күннен бұрынғы жарақаттарынан болған" деген қорытындысы ұсынылған. Алайда судья істен бұл нәтижені алып тастаған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар