Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қарқыны қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
«Қазгидромет» РМК 23 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.
Қазақстан территориясының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қарқыны қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейеді.
Оңтүстік-батыста — шаңды дауыл, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста — дауыл тұрады.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын болмайды, күн ашық.