"Қолында жарылғышы бар маймылдай": Бишімбаевтың экс-әйелі онымен тұрған кездерін есіне алды
- автор kyn.kz
- 23 сәуір, 2024
- 813
Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қахарман онымен тұрған 14 жыл өмірі жайлы "Умные люди" ютуб жобасында айтып берді. Сөзінше ол тұрмыс құрғаннан кейін 3-4 жыл ішінде ажырасатынын білген. Бірақ оған материалдық, психологиялық тұрғыдан дайындалуға уақыт қажет болған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Біз бір-біріне байланысы бар компанияларда жұмыс істеп жүріп, бірлесіп жасалған әріптестік кештердің бірінде таныстық. Ол қазір жұртқа соңғы әрекетінен кейін өте сүйкімсіз көрінетінін түсінемін. Жас кезде әрине қазіргідей емес еді. Ортада әдемі, сендіріп сөйлейтін, харизмасы мықты, сүйкімді, жас, тартымды болды. Екінші рет болған әріптестік отырыстан кейін біз жақсы араласа бастадық. Үйленгеннен кейін үш жыл мен бала жоспарламадым. Біздің отбасыларымыз да әлеуметтік жағынан тең болды.
Мен жұмыс істедім, ол да ақырындап көтеріле бастады. Үш жылдан кейін тұңғыш ұлымды босандым, екіншісін, артынша үшінші қызымды. Бірінші бала дүниеге келгеннен кейін-ақ, ұрыстар пайда бола бастады. Иә оның мінезі қиын. Аз ұйықтайды. Жұмысында, өзі қалаған бағытта қиындықтар туындаса ол оған шыдай алмайды. Көтере алмай, өзін қоярға жер таппай, айналасының мазасын алып жіберетін. Ұйықтатпайды дегенді түсінемін. Ол отырғызып қойып "ұйықтамайсың" деп айтпайды. Өз шаруасын тоқтаусыз айтып, соған сені араластырып, сол отырғаннан тек өзі туралы сөйлесеміз. Әрине екінші адамға бұл ұнамайды, ауыр",-дейді Назым Қахарман.
Экс-министрдің әйелі ойында ажырасу болғанымен, мінезі қиын адаммен қалай ажырасуға болатынын ойлап 7 жылдай бірге өмір сүріпті. Өйткені Бишімбаевқа ажырасатынын, полицияға хабарласатынын айтқан сәтте соққының астында қала жаздаған.
"Үнемі сондай бір қысымда ұстағысы келетін. Бүкіл шаруа орнында тұруы керек, өзінің сондай талаптары болды. Ақырында мен бәрін орын-орнымен қойдым, Ұрыс жай ғана жиырма жейденің ішінен ол түймесі түсіп қалғанын таңдайды. Содан оны мен неге тігіп қоймадым деген мәселе көтеріледі. арты кәдімгі жұлқу, сілку сынды дауға айналады. Мен бәрін ол қалағандай жасаған тұста жай ғана шұлықтың түсіне қатысты ұрыс шығарған кездер болды. Бір күні мені жұлқи бастағанда "Қолыңның ұшы тисе полиция шақырамын" дедім.
Ол сол сөзді көтере алмай телефонымды сындырып, бүкіл дүниені лақтырды. Қарасам әжетхана қақпағын маған лақтырып жатыр. Түсіндім, барлығы тым ушығып тұрғанын. Бос бөлмеге қамалып алдым. Ашуымды талап етіп есікті қиратты. амалсыз ұлым жатқан бөлмеге қашып барып, оны ояттым. Ол тұрып, ұйқысырап "Әке, не болды? Не болып жатыр" деп ортамызға тұрып, мені құтқарып алды. осы ісіме қатты ұялдым. бірақ, менде дәл сол сәтте басқа амал болмады. Ұлын қорғауы тиіс ана, 10 жасар баласының артына тығылып, оған психологиялық салмақ түсіру өте жаман жағдай. Содан мен түсіндім. Қуандық ондайды, ондай жолды көтере алмайды. Содан ойланып, мен оған "Сен бөлек тұрып көр. Еркін бол. Мүмкін ашуымыз басылып, түсінісерміз алдағы уақытта" деп алыстата бастадым.
Әрине ол көзіме шөп салды. Ол кезде сотта бәрі анық болды. Оның қоғамдық қорғаушысы болдым. Бүкіл іспен таныстым. Оның жүргіштігі, дөрекілігі барлығы сотта дәлелденді. Бірақ мен ақылды қазақ әйелі ретінде өзімді ұстап, сол сотта күйеуімді қорғадым. Сотталып кеткеннен кейін де түрмеге барып, көңілін аулап жүрдім. Айналамның барлығы "Оған қиын кезде тастап кетті" деп айтпасын деген ой болды.
Өзім қазір сол әрекеттеріме қайран қаламын. бірақ, өткенге еш өкпем жоқ. Ол қолында жарылғыш гранатасы бар маймыл сияқты көрінетін. Қай кезде жарады, қай сәтте қалай әрекет етеді белгісіз еді. Содан әбден ойланып, өзімнен алыстаттым. Сол себепті біз өте әдемі ажырастық. Ол балаларды қамтамасыз етті, ортақ балаларымыздың мәселесінде отырып, шешім қабылдап, сөйлесе алатынбыз. Бірақ, ол маған жақындамас үшін еш күлмейтінмін. Күліп қарап, қызығушылығын оятуға тырыспайтынмын",-дейді назым қахарман.
Ұқсас жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті: өзгерістер енгізілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қазан, 2024