Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаевқа "сенен раушан гүлінің иісі шығады" деп хабарлама жазған әйелден жауап алынды

Бишімбаевқа "сенен раушан гүлінің иісі шығады" деп хабарлама жазған әйелден жауап алынды
Ол бұл сөздің Бишімбаевқа арналмағанын жазды.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Бишімбаевқа "сенен раушан гүлінің иісі шығады" деп жазған Гүлнар Насырбековадан жауап алынды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Куәгерді Бишімбаев 9 қараша күні “BAU” мейрамханасына кездесуге шақырған. 

Насырбекованың сөзінше, Бишімбаевпен ол VIP-кабинкада отырған.

Екеуі гольф және блог жайлы әңгімелескен. 

Сондай-ақ ол "айтпақшы, сенен раушан гүлінің иісі шығады" деген хабарламаны Бишімбаевқа арнамағанын жеткізді. 

“Кездесуден кейін құдағиымның туған күніне дайындалып, роза гүлін сатып алдым. Сосын оған "айтпақшы, сенен раушан гүлінің иісі шығады" деген хабарлама жібердім", — деді Насырбекова.

Десе де сотта прокурор хабарламаның өткен шақта жазылғанын айтып, оның куәлігіне кумәнмен қарайтынын жеткізді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар