"Ол өзі есіңді шығарып жіберетін адам ғой": көріпкел Бишімбаев жайлы сотта
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 сәуір, 2024
- 992
Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаевтың хабарласқан көріпкелден жауап алынып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Маған өзі хабарласты."Салтанат екеуміз ішімдік көп ішіп, қатты төбелесіп қалдық" деді. Түстен кейін шамамег сағат үш немесе төртте болса керек. Оның ішіп алғанын түсіндім. Сол себепті аса мән бермедім. Мен оған не үшін хабарласып тұрғанын сұрағанымда "көріңізші, көріңізші" деп қоймады. Оның мас екенін түсініп, "дәрігерге көрсетіңіз, жедел жәрдем шақыртыңыз" дедім. Әңгімеміз қысқа аяқталды. Даусы да бір түрлі шықты. Мен оған жедел жәрдем шақыртып, дәрігерге барыңыз дедім. Ол әйелі ұйықтап, демалып жатқанын айтып, "көріңізші, көріңізші, бәрі дұрыс па?" деп айтты", - деді көріпкел. Прокурор көріпкелден Бишімбаевтың "Бәрі дұрыс па?" деген сұрағына неге "бәрі дұрыс" деп жауап бергенін түсіндіруін сұрады.
Көріпкел Бишімбаевтың өзіне хабарлама жазғанын айтты.
"Оның жағдайы жақсы" деп жазыңызшы деп айтты. Ол өзі сондай адам, есіңнен тандырып жібереді. Мен оған "Менің қолымнан не келеді? Жедел жәрдемді шақыртып, дәрігерге көрсетіңіз. Система салсын" дедім. Ол қоңырау шала берді. Мен тұтқаны көтермедім", - деді көріпкел.