Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен хат жазып, өзі терезеден секіріп кетті
- автор kyn.kz
- 25 сәуір, 2024
- 709
Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің шатырынан секіріп көз жұмды.
Қайғылы оқиға қала шетіндегі ықшам аудандардың бірінде болды. Қыздың биіктен секіргенін көпшілік көрген. Тіпті бейнебақылау камерасына да түсіп қалыпты. Жерге құлап бара жатқанда сол маңнан өтіп бара жатқан оқушы бала да бұл сұмдықты көрген. Өмірден баз кешкен бойжеткен колледждердің бірінің студенті екен. Отбасы осы үйде тұрады. Оның өзіне қол салуына не себеп болғанын тәртіп сақшылары ашып айтпады.
“Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бүгін сағат 14.00-де Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеуде оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар,“ - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.