Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұмыссыз қалған жағдайда мемлекет қанша жәрдемақы береді?

Жұмыссыз қалған жағдайда мемлекет қанша жәрдемақы береді?
Жәрдемақыны қалай алуға болады?

Жұмыссыз қалған қазақстандықтарға мемлекеттен 18 миллиард 300 миллион теңге жердемақы берілген. Осы жылы 123 мыңға жуық қазақстандық жұмыссыз қалуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы алыпты. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі  31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Жәрдемақыны қалай алуға болады?

Ең алдымен азамат eGov.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуге тиіс. Не тұрғылықты жері бойынша карьералық орталыққа жүгінеді.

Одан соң өзі көрсеткен нөмірге "жәрдемақы рәсімдеу туралы" смс-хабарлама келеді. Хатқа “иә" деп жауап беру қажет.

Белгілі мөлшердегі қаржы тағайындалуы үшін жеке куәлік пен банктік шоттың 20 сандық нөмірі мен сіздің жұмыссыз екеніңізді растайтын құжат қажет. Егер барлық дерек мемлекеттік базада бар болса, құжат талап етпейді. Яғни, жәрдемақы автоматты түрде рәсімделеді.

 

Жәрдемақы мөлшері әр азаматқа әртүрлі сомада түседі. Бірінші кезекте жұмысынан айырылған адамның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Кейінгі екі жылдағы табысы да есепке алынады. Осыған байланысты көмек 1 айдан 6 айға дейін беріледі. Бұдан басқа төлем осыған дейінгі кірістің 45%-ы шамасындағы мөлшерде есептелетінін есте ұстаған жөн.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар