“Ер адамның ұсынған сусынын қабыл алмаңыздар”: Сабина Алтынбекова қыздарға кеңес берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 сәуір, 2024
- 3.4k
Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова қыздарға өз кеңесін берді. Ол қазіргі ер азаматтарды жануарға теңеп, олардан сақтанудың жолын айтты, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.
Сабина өзінің Instagram әлеуметтік желісінде қоғамда орын алып жатқан қылмыстарды бөлісіп, ер азаматтарға ашуланды.
"Біздің елдің ер азаматтарына не болғанын түсінсем бұйырмасын. Тіпті түсіне алмаймын. Керісінше нәзік жандыларды қорғаудың орнына өздеріңізді жануар сияқты ұстайсыздар. Қыздар, өздеріңізбен бірге өткір иісті баллон алып жүріңіздерші өтініш! Ол нәрсені қандай жағдайда және қалай қолдану керектігін де оқып алыңыздар. Өз-өзіңізді қорғайтындай жайттар болуы мүмкін, сондықтан барлығына дайын болыңыздар. Тағы бір айтарым, тіпті таныс ер адамның ұсынған сусынын да қабыл алмаңыздар. Өйткені біз арам ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз", – деп жазды Алтынбекова.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




