Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 сәуір, 2024
- 831
Алматы облысының тұрғынын ұлтараздық тудырғаны үшін соттады деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.
Сотталушы өткен жылдың 6 қараша күні ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған аудиожазбаны What'sApp мессенджері арқылы әртүрлі ұлт өкілдерінің азаматтары бар көршілерінің чатына жіберген.
Сотта әйел аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданы тұрғындарының көңіліне тиетінін білгені анықталды.
Прокурор жазалау мақсатында бас бостандығынан айыруды ұсынды. Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Сот залында ол өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.
ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінің санкциясы екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот жеңілдетілген жағдай бойынша шын ниетпен өкінуін, ауырлататын жағдайлардың болмауын, зейнеткерлік жасын, денсаулық жағдайын ескере отырып, сотталушыны түзету оның қоғамнан оқшауланбай-ақ қол жеткізуге болады деп санады.
“Сот үкімімен М. кінәлі деп танылды. ҚК 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды”, - делінген хабарламада
Үкім заңды күшіне енген жоқ